Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
PASH жобасының жетекшісі Франциска Шлеттиг мектепте болды
10-10-2017 10:30
PASH жобасының жетекшісі Франциска Шлеттиг мектепте болды

Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Түркменстандағы жоба - PASH «Мектептер: болашақ серіктестері» Халықаралық жобаның туған күніне арналған мереке аясында, Германия қонақтары 2017 жылғы 4 қазан күні Павлодар қаласының № 36 ЖОМ барды.

«Мектеп жобаға 2008 жылғы қазан айынан бастап қатысады. Бұл тек неміс тілін меңгеру ғана емес, - бұл Германия университетінің бірінде білімді жалғастыруға және халықаралық ауқымда кәсіби мансапты одан әрі дамытуға алғышарт болып табылады. Мектеп оқушыларының қормен қамдау мәселелерін бірлесіп шешу мүмкіндіктері бар», - деп атап өтті мектеп басшысы, Ахмадова Зауреш Дауленқызы.

PASCHтуған күніне орай мектепке Германия қонақтары, неміс тілін оқыту бойынша сарапшы, Халықаралық жоба жетекшісі, Франциска Шлеттиг, неміс музыканттары және неміс тілі педагогтері Мари-Кристине Банга және Сандро Ян арнайы келді.

«SINGFABRIK - бақытқа неміс тілінде» музыкалық жоба аясында мектептің 11, 9 сынып оқушылары Германия музыканттарымен бірлесіп, неміс тілінде концерттік бағдарламамен шықты. «Күншуақ шатыры» жобасы аясында макулатура тапсыру және жылда мектеп аумағында шырша отырғызу дәстүрге айналды. Осы күні мектеп ауласында отырғызуға мектеп оқушылары мен қонақтарымыз қатысқан тоғызыншы шырша пайда болды.