ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жарты ғасырлық тарихы бар мектеп
13-10-2017 03:43
Жарты ғасырлық тарихы бар мектеп

Павлодар қаласының № 33 ЖОМ Ленин кенті әкімі Даулет Амангелдіұлы Тайгулиннің қолдауымен өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекеге педагогикалық еңбек ардагерлері, әр кезең түлектері, құрметті қонақтар қатысты.

Барлық қонақтар педагогикалық даңқ мектеп мұражайына, робототехника және шахмат, оқу кабинеттеріне кіріп шықты. Оларға мектеп және сол білім ордасында қызмет атқарған ұстаздар туралы мәліметтер ұсынылды. Әр түлек өз оқыған сыныбында өз партасына отырып, мектепте өткен қызықты жылдарын еске алды. Мектеп ұстаздары мен оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

1985 жылғы мектеп түлегі, қазіргі таңда атақты продюссер Алтынбек Таубасарұлы Рахметов сыйлық ретінде Ленин кентінің Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінде қазақстандық эстрада жұлдыздары Ұлжан Айнакулова, Айжан Нұрмағамбетова, Алмаз Кішкенбаев, Серік Ибрагимов, Ренат Мальцагов, Ардақ Алекешев және Райымбек Сатыбалдының қатысумен концерт ұйымдастырды.

Мектеп 1967 жылы құрылып, осы кезең аралығында20000 астам шәкірттерін түлетіп ұшырды, мектебіміздің мақтанышпен айтатын түлектері де бар. Олар: профессор, медицина  ғылымдарының докторы - Макажанов Хафиз Жанабайұлы атақты хирург, профессор - Какенова Пану Ильясқызы, оқу ісінің үздігі - Кабылбеков Мажен Кабылбекұлы, атақты продюссер Рахметов Алтынбек Таубасарұлы.  Бүгінгі күні мектебімізде 790 оқушы білім алуда, заманауи құралдармен жабдықталған оқу кабинеттер, 2 спорт залы, футбол алаңы, жазғы алаң бар, оқушылардың қызығушылықтары бойынша 30 астам үйірмелер жұмыс атқаруда.