Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
В. В. Коломеецті еске алуға арналған кіші-футбол бойынша турнир
13-10-2017 03:47
В. В. Коломеецті еске алуға арналған кіші-футбол бойынша турнир

2017 жылы  қыркүйек-қазан айында  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Путь к себе: шаг за шагом»,жоба шеңберінде, кіші-футбол бойынша күзгі Кубок турнирі өткізілді. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту болып табылады.

Осы кезеңде 6 тур өтті, 260 оқушы құрамында  № 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 13, 18, 19, 21, 23, 24, 26, 27, 29, 30, 32, 33, 34, 37, 39, 41, 42, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ 28 командасы қатысты.

Іріктеу турының нәтижесі бойынша финалдық турға 72 оқушы құрамымен № 1, 9, 11, 21, 29, 34, 37, 41, Кенжекөл ЖОМ командалары қатысты. Финалдық ойын нәтижесі бойынша I орын Кенжекөл мектеп командасы, II орын - № 1 ЖОМ, III орын - № 41 ЖОМ. Турнир финалистері грамоталар, құнды сыйлықтар, ал жеңімпаз-команда ауыспалы кубок, № 9, 11, 21, 29, 34, 37 мектеп командаларына белсенді қатысқаны үшін грамоталар және сыйлықтар берілді.