ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас зерттеушілер байқауы
16-10-2017 09:51
Жас зерттеушілер байқауы

2017 жылы 14 қазанда Павлодар қаласы № 37 ЖОМ «Зерде» шығармашылық жобалары  мен зерттеу жұмыстары Республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қаланың 38 жалпы білім беру мектебінен 1 - 7 сынып оқушылары - жас зерттеушілер қатысты.

Байқауға оқушылардың 241 шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары ұсынылды. Оқушы жұмыстарында - өз өлкесінің тарихи және мәдени мұрасымен, математикалық теңдеу құпияларымен танысады, кристалл қасиетімен, қуат үнемдеу мәселелерін үйренеді, үй жағдайында ауаның ылғалдылығын өлшейді, сән-қолданбалы өнердің ғажайып әлемін ашады, мектепте театрмен айналысқан компьютерлік тәуелділікті жеңуді ұсынады. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша өтті: қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика және информатика, физика және техника; медицина және психология; тарих, өлкетану және этномәдени, биология және химия, экология және валеология.

Оқушылар жобасы қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен тыңдалды. Байқау қорытындысы бойынша 1 - 4 және 5 - 7 сынып оқушылары үшін жеке жүлделі орындар берілді. Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың 104 авторы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде: I орын - 19 жұмыс, II орын - 32, III орын - 53. I, II, III орын иегерлері байқаудың облыстық кезеңіне қатысады. Барлық қатысушылар Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатымен белгіленді.