ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Золотая осень в Балдаурене
16-10-2017 09:58
Золотая осень в Балдаурене

Қазан айында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталыңығына дем алу, сауықтану және білім алу үшін 100 бала келді.«Балдәурендегі Алтын күз» тақырыбы ауысымның басты тақырыбы  болды.  Жылдың  керемет көз тартармезгілінде, орталықта өтетін барлық іс-шаралар күз тақырыбына арналды.

«Балаларға міндетті түрде күнделікті тұрмыс түрін,  әсерін ауыстырып отыру қажет, біздің қаламыздың көптеген балалары үшін қызықты оқиғаларға толы орындардың бірі «Балдәурен» лагері, - деп атап өтті орталық директоры Гүлмира Баширова.

Маусым бағдарламасының ең маңызды, қызықты оқиғаларының бірі 10 қазан күні атап өткен Халықаралық тәлімгерлер Күні болды. Осы күні маусым Президенті Черницова Полинаның бастауымен Министрлер кабинеті өздерінің сүйікті тәлімгерлерін салтанатты оқиғамен құттықтады, өйткені тәлімгер лагерьдегі балалардың досы да, жолдасы да, ұйымдастырушысы да болып табылады. Олардың басты принциптері-балаларды мейірімді, пайдалы және қызықты істермен айналыстыру.

Үшінші маусымда адам ағзасын  тұзды ауаның әсерімен, яғни ауадағы тұзды микробөлшектердің тыныс алу жолдарына өтіп, ағзаны зиянды бактериялардан тазартып  сауықтандыруға негізделген тұзды шахта іске қосылды. Галокамера микроэлементтермен қанықтандырылып, жоғары иондандырылғандықтан қанды оттегімен қанықтыру және иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Оқушылар үшін денсаулық минуттары, таза ауада қыдыру, дала тренажерларында жаттығу жасау және  оттегі коктейлін ішу шаралары ұйымдастырылған. Күзгі тамаша ауа райы және ұжымдағы жылы қарым-қатынас балалардың есінде ұмытылмас сәттер қалдырады.