Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2017 жылғы 16 қазанда № 19 ЖОМ Мағжан оқуларын өткізді.
Мағжан оқулары оқушылардың шығармашылыққа қызығушылықтарын туғызу, ақын сөзінің терең мағынасын түсіну, өз ойын ғылыми тұрғыда жеткізе білу мақсатымен өткізілді. Қаланың 30 жалпы орта білім беру мектептерінен 5-11 сынып оқушылары арасынан 52 оқушы оқуларға қатысты.
Ережеге сай конкурс үш бағыт бойынша өткізілді. Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларын қорғады, өздері шығарған өлеңдерін оқыды, ақынның өлеңдерін жатқа білетіндіктерін көрсетті.
Мағжан шығармаларын жатқа оқу «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша І орынды № 37 мектеп оқушысы Дильназ Қуанышбекова, ІІ орынды № 20 лицей оқушысы Асия Садатова, № 39 мектеп оқушысы Евгений Федотов өзара бөлісті, ІІІ орынды № 19 мектеп оқушысы Шынар Батырбекова, № 30 мектеп оқушысы Айғаным Қабдуахит, № 40 мектеп оқушысы Мөлдір Жакенова иеленді.
Жас дарындар конкурсы «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша І орынды № 20 лицей оқушысы Ахан Жұрағат, ІІ орынды № 25 мектеп оқушысы Аягүл Абылайқызы, № 35 мектеп оқушысы Шыңғыс Жылқыбай, № 37 мектеп оқушысы Алуа Елеусизова, №12 мектеп оқушысы Нұрбек Кәрібай иеленді.
М. Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары «Толқынмен толқын сырласып...» бағыты бойынша І орынды № 37 мектеп оқушысы Данеля Галлямова, ІІ орынды № 20 лицей оқушысы Ғазиз Қайырбай, № 22 мектеп оқушысы Арайлым Қияқова. ІІІ орынды № 19 мектеп оқушысы Аяжан Сейітбек, № 29 мектеп оқушысы Айнұр Аманжолова, № 7 мектеп оқушысы Рузия Бекеева иеленді.
І орынға ие болған оқушылар облыстық конкурста қаланың абыройын қорғайтын болады.