Жас географтардың жетістіктері
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде 2017 жылғы 19 қазанда география пәнінен VІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Шараға облыс қалалары мен аудандарының мамандандырылған және жалпы білім беру орта мектептерінен 79 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер санының ішінде Павлодар қаласынан ІІ орынға № 28 ЖОМ 8- сынып оқушысы Юлия Полещук, ІІІ орынға № 39 жалпы білім беру орта мектебінің 8-сынып оқушысы Екатерина Ишимцева ие болды, қалалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.