Облыстық лингвистикалық олимпиаданың қорытындысы
2017 жылғы 20 қазан күні «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде өткізілген 9 - 11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға қалалық, аудандық кезеңінің 61 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 10 оқушы.
Олимпиада қорытындысы бойынша қала мектептерінің 4 оқушысы ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
9-сынып арасында ІІ орынды № 14 ЖОМ оқушысы Сабина Ешимова, ІІІ орынды № 42 ЖОМ оқушысы Таисия Морец, 10-сынып арасында Сабина Абаева, 11-сынып арасында Алима Билялова № 22 ЖОМ оқушылары иеленді.