«Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсы 2017 жылғы 1 - 3 қараша аралығында Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында өтті. ҚР жалпы орта білім беру ұйымдарынан барлығы 80-ге жуық психолог қатысты. Павлодар облысының намысын конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған 6 психолог қорғады.
Республикалық конкурстың қорытындылары бойынша Павлодар қаласының № 40 ЖОМ психологі Успанова Сабина Габдулуахитовна ІІ орынға ие болды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды «Психолог-зерттеуші» - Павлодар қаласының № 26 ЖОМ психологі Омарханова Жазира Пишембаевна, «Кәсіби шеберлік» - Павлодар қаласының № 25 ЖОМ психологі Ордабаева Жанар Бейсенбаевна.
«Қазақ психологиялық қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі белсенді қатысқан төмендегі Павлодар облысы психологтерін грамотамен марапаттады (№ 26 ЖОМ) Омарханова Жазира Пишембаевна.
Жүлделі орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Дипломдарымен марапатталды. Үздік жұмыстар «Дарын» ақпараттық-әдістемелік журналында жарияланып, тәжірибеге енгізу үшін ұсынылатын болады.