26 қазаннан - 2 қарашаға дейін Алматы қаласының «Медеу» биік таулы қонақүй кешенінде «Union» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның көркемсурет мектептері, бейнелеу өнер студиялары, шығармашылық студиялар оқушыларына арналған мастер-клас өткізілді. Бағдарламаға Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің 5 оқушысы қатысты.
«Сен суретшісін» Fashion-сурет мастер-класында мектеп оқушылары, назарын тартатын, сәнді киінген адамдардың бейнесін суреттеуді үйренді. Бейнелеу аралас техника бойынша орындалған (акварельді қағазда акварель, тач-маркерлар және түсті карандаштар).
«Экслибрис» жоғары басып шығару мастер-класын Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, кесте-суретшісі Марзия Жумашева өткізді. Оқушылар қара-ақ экслибристі құрастырды, онда олар өздерінің тегін, атын құрастырып, өздерінің қызығушылықтарын айтты.
Панфилов көшесіндегі жолда өткен пленэрде, суретшілер одағының өкілдері оқушылармен бірге өздерінің (пастель, гуашь, акварель, және акрил бояулары) әр-түрлі бағытта және стильде және техникада пейзажды бейнелеу бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Сәңгер Ерлан Баукулов брэнд-бук құрылымы, фирмалық қаріп және түс таңдауы бойынша «Графикалық бренд» мастер-класын өткізді.Аида Кауменованың мастер-класында киімге түйреуіш түрінде креативті әшекейлер дайындау мүмкіндігі болды. «Тиффани»» техникасы бойынша витраж - шынымен жұмыс істеу мастер-класы қиын болып шықты.
«Алматылық хайуанаттар бағындағы қайырлы күн» акциясының шеңберінде барлық пленэр оқушылары балалар үйінің балаларына мастер-клас өткізді.
Пленэрдің бағдарламасы, ойын-сауықтармен, қызық іс-шаралармен қаныққан: Бірінші Президент паркіне, хайуанаттар бағына, «Көктебе» кешеніне, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрына бару. Негізінен пленэр «Медеу » биік таулы спорттық кешенінде өтті, сондықтан оқушыларда конкиде сырғанау мүмкіндігі болды.
Сабақтын соныңда «Балалар әлемді суреттейді.Қазақстан» республикалық сайыс лауреаттары Қазақстанның оңтүстік суретшілернен ең үздік сайыстық жұмыстарының дипломдары және альбом- кітаптарымен марапатталды. Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебі «Балалар әлемді суреттейді. Қазақстан» ЮНЕСКО аясында жеңімпаздарды дайындау жобасының жоғары деңгейі үшін дипломмен марапатталды.