Павлодар облысының педагог жұртшылығы үшін ағымдағы жылдың 16 қарашасында Катаев атындағы Оқушылар сарайында оқу бағдарламаларымен таныстыру және 3, 6, 8 сыныптарға арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтарды талқылау бойынша екікүндік республикалық семинар басталды. Семинар ұйымдастырушылары Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.
Семинардың 17 пәндік секциясының жұмысына 410-нан аса бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мамандары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, сонымен бірге Павлодар қаласынң жалпы орта білім беру мектептерінен 80-нен аса мұғалімдер қатысуда.
Оқулықтар мен оқу құралдарды әзірлеген келесі баспалар ұсынылды: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, «Атамұра» корпорациясы» ЖШС, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҰ, «Мектеп» ЖШС, «Арман-ПВ» ЖШС, «Жазушы» ЖШС, «Көкжиек-Горизонт» ЖШС, «Бөбек», «Cambridge University Press», «Macmillan Publishers», «Oxford University Press», «MM Publications». Семинарда бастауыш және негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұндағы пәндері бойынша оқулықтар, оқу бағдарламалары көрсетілді.