Өткізу күні: 2017жыл 7 желтоқсан.
Уақыт: 10.00.
Өткізу орны–облыстық көркемсурет мұражайы.
Қатысушылар- Павлодар қаласы №21, 35, 38, 40, 51,122 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері, педагогтары, ата-аналары.
Мақсаты–халыққолданбалы өнері, қазақ халқының рухани-адамгершілікқұндылығын сақтау және қайта жаңғырту, баланың қазақ әйел бас киімі – сәукеле туралы білімін кеңейту, баланың шығармашылық қабілетін (мәнерлеп оқу, билеу, сәндік-қолданбалы өнер, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру) дамыту, эстетикалық талғамын, дұрыс келбетін, жүру барысында тең салмақтылығын сақтау білу икемдігін, қозғалыс-қимылдық пен жүріс-тұрыстықәсемдігі мен мәнерлілігін қалыптастыру, қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеу білуге тәрбиелеу.
Балалар фестивалінің бағдарламасы:
Бас киімі - сәукелеге арналған балалар шығармашылық көрмесінің ашылуы (балалар жұмыстары). Балалар көрмесі мұражайда 2017 жылғы 15 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.
Мерекелік дефиле - түрлі тақырыпқа арналғанқазақ халқының киімі мен сәукеленің салтанатты көрсетуі. Сәнді қазақ халық киімдердің презентациясы.
Әр мектепке дейінгі ұйым әйел бас киімі - сәукелеге арналған музыкалық-шығармашылық қойылымын ұсынады.
Павлодара қаласының білім беру бөлімі