Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы «Үздік сабақ» байқауы жарияланды. Республикалық конкурста барлық Қазақстан аймақтарынан тілдерді оқыту орталақтарының оқытушылары, тіл мамандары, мектеп мұғалімдері қатысты. Байқауға 500 жұмыс жолданды. Конкурстың қатысушылары мемлекеттік тілді оқытудағы әр-түрлі инновациялық әдістемелерді ұсынды. Республикалық конкурстың эксперттік комиссиясы 300 жұмысты іріктеді.
Салтанатты марапаттауы Ақмола облысының Щучинск қаласының «Балдаурен» балалар-жастар орталығында өткізілді. Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, сертификаттармен және сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінің қазақ тілі мұғалімі Армангүл Мұхтарқызы Сыздықова ІІ-орынға және 50 000 теңгеге ие болды.
«Үздік сабақ» републикалық конкурсы