Германия Шведт-Одере қаласындағы 50-ші Халықаралық балалар сурет сайысы мерейтойына Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектеп оқушыларының 25 жұмысы жіберілді. Сайыста барлығы әлемнің 12 елдерінен 3 - 15 жастағы жас суретшілердің еркін тақырыпқа арналған 1250 жұмыстары ұсынылды.
Балалардың жұмыстары 4 жас санаты бойынша бағаланды, олардың ішінен 10 үздік сурет тандалды. 4 - 6 жастағы 1-ші жас санаты сайысының лауреат дипломы гуашпен орындалған «Менің досым» суреті, көркемсурет мектептін оқушысы Родионов Артурға тиесілі. 6 жастағы жеңімпаздың педагогі мектеп басшысы Герусова Наталья Васильевна .
Және бұл жас Артурдын жалғыз ғана жеңісі емес. Ол сол сияқты «Балалар әлемді суреттейді. Қазақстан» республикалық сайыстын және 2017 жылы Алматы қаласында күзде өткен 3 - 6 жастағы жас санаты сайысында сүйікті кескідеме гуаш техникасымен орындалған «Менің анам» жұмыстарының дипломанты болып атанды.