ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка аспаптарында орындаушылар конкурсының қорытындылары
21-12-2017 05:09
Музыка аспаптарында орындаушылар конкурсының қорытындылары

2017 жылғы 17 желтоқсанда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Pavlodar music games» музыкалық аспаптарда орындаушылардың республикалық конкурсына Астана, Өскемен, Жезқазған, Павлодар қалаларынан және Павлодар облысынан 6 - 17 жастағы 50 аса конкурсқа қатысушы қатысты. Олардың қатарында Кенжекөл ауылының балалар музыка мектебі, Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары өнер көрсетті. Конкурстың ұйымдастырушы Астана қаласының Қазақстан композиторлар одағы филиалының қолдауымен «Аrt aspekt» шығармашылық бастамалар орталығы болды.

Конкурс қорытындылары бойынша silver line номинациясында I орынды (қобыз) Акказина Айша иеленді, 10 жас, педагогы Жумашова Умиткуль Койшибаевна, II орынды (фортепиано) - Кайролла Еламан, 8 жас, педагогы Хамметова Жанна Халеловна, III орынды (кларнет) - Кайролла Жоламан, 9 жас. Акказина Айша Алматы қаласының «Күншуақ» конкурсының гран-при иегері болып табылады (2016 жыл).

Bronz line номинациясында (фортепиано) III орынды Иралт Имран иеленді, 11 жас, педагогы Акилова Кымбат Каиргельдиновна, (қобыз) - Тайкенова Сания, 10 жас, педагогы Жумашова Умиткуль Койшибаевна.

Gold line номинациясында (саксофон) ІV дәрежелі дипломмен  Сарсенбаев Руслан марапатталды,  14 жас, педагогы Мулкаразов Мухит Кабышевич.

Кенжекөл ауылының балалар музыка мектебінің конкурсқа қатысушылардың концертмейстері Ахметова Гульнара Зейнулловна.

№ 1 музыка мектебінің 19 оқушысы лауреат атанды. Bronze номинациясында I орынды фортепиано - Байкенов Бекзат иеленді, 9 жас, педагогы Мусатаева Айнур Токтарбековна, домбыра - Сахиева Дарига, 16 жас, педагогы Ишанкулов Берик Кошанбаевич, қобыз - Текжанова Анель, 9 жас, педагогы Канаева Айнур Бакытовна, Адамбаева Сабина, 11 жас, педагогы Жумашова Умиткуль Койшибаевна. 9-16 жастағы бүлдіршіндер конкурсында алдағы жетістіктері үшін бастау алды. Дарига Астана қаласында «Көктем музыкасы» халықаралық конкурс-фестивалінде (2017 жылы) және Павлодар қаласында балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының «Жұлдызды жапырақтар» IV республикалық конкурс-фестивалін (2017 жыл) көрсете отырып, конкурста лайықты өнер көрсетті.

         II орынды - Нуркен Айша иеленді, 9 жас (жетіген), педагогы Мекежанова Макпал Сагымбаевна, домбыра - Утешова Томирис, 12 жас, Темирболатова Карима, 10 жас, Айтуар Адильбек, 10 жас, педагогы Сексембаева Майра Сыздыковна, III орынды Текенова Камила иеленді, 11 жас (домбыра), педагогы Сексембаева Майра Сыздыковна, қобыз - Мунайдар Токжан, 13 жас, Акан Аружан, 12 жас, педагогы Жумашова Умиткуль Койшибаевна, IV орында - Багаев Нурамир, 7 жас, педагогы Сексембаева Майра Сыздыковна.

        Silver номинациясында II орынды (фортепиано) Зайнутдинова София иеленді, 8 жас, педагогы Рябовол Светлана Леонидовна, Есимова Жайна, 12 жас, педагогы Михайлова Ирина Владимировна, саксофон - Қайыржан Архат, 15 жас, педагогы Гонтовой Олег Леонтьевич, III орында (фортепиано) Жунусова Дана, 11 жас, педагогы Рябовол Светлана Леонидовна, IV орында (фортепиано) - Арасланова Зарина, 11 жас, педагогы Мусатаева Айнур Токтарбековна, Садвокасова Айым, 8 жас, педагогы Рябовол Светлана Леонидовна.

     Gold номинациясында III орынды (баян) Перминов Кирилл иеленді, 16 жас, педагогы Романескул Вячеслав Анатольевич.

     Конкурстың лауреаттары мен дипломанттары грамоталармен және медальдармен марапатталды.