ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас директор орынбасары мектебінің сабақтарындағы іскерлік ойындар
21-12-2017 08:46
Жас директор орынбасары мектебінің сабақтарындағы іскерлік ойындар

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жас директор орынбасары мектебінің сабақтары № 11 ЖОМ өткізілді.  «Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Әдістемелік кеңес. Педагогикалық кеңесті өткізу технологиясы» семинар-практикумде 20-дан астам жалпы білім беру мектептерінің  директордың орынбасарлары қатысты. Семинар модераторы мектеп директордың орынбасары, «Үздік педагогикалық кеңес - 2017» қалалық және облыстық конкурсының жеңімпазы және жүлдегері  Ирина Юрьевна Юрчик сөз сөйледі. № 11 ЖОМ жұмыс тәжірибиесі ұсынылды және жас әріптестерге ұсыныстар берілді.

Мектептің әдістемелік және педагогикалық кеңесі жұмысын ұйымдастыру туралы ережесімен тыңдаушылар «Башня успеха» іскерлік ойыны түрінде танысты. Әдістемелік кеңесінің ішкі мектептегі басқару органдарымен өзара әрекеттесу мәселелері зерделенді, негізгі құжаттардың тізбесі ұсынылды.

Педагогикалық кеңесінің жоспарлау технологиясы, педагогикалық кеңесті өткізудің және әзірлеудің негізгі кезеңдері «Методика ранжирования» іскерлік ойынындағы қатысу үрдісінде тыңдаушылармен қарастырылды. Аудиториялармен педагогикалық кеңесі тақырыбының  өзектілігін анықталуы бойынша диалог құрастырылды, тақырыпты таңдауы үшін критерийлер анықталды. Педагогикалық кеңесті өткізудегі қолданылатын сәтті әдістемелері «Лестница компетенций», «Колесо баланса» ойындарында анықталды. «Команда и стратегия» іскерлік ойынында семинар қатысушылары сыни ойлау икемдерін, жұмыс нәтижесіне табысты жету үшін педагогтар әрекетінің стратегиялық жоспарлауын көрсетті.

Директор орынбасарлардың көмегіне мектеп мәселелерін анықтау кезеңінде педагогикалық ұжымның диагностикалық жинағы ұсынылды. Жұмыста тәжірибиелі қолдану үшін семинар материалдары электронды түрде мектептің жас орынбасарларына таратылды.