ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балдәурендегі мерекелік концерт
21-12-2017 09:18
Балдәурендегі мерекелік концерт

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 20 желтоқсанында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Павлодар облысы бойынша мамандандырылыған мемлекеттік күзет қызметі басқармасының қызметкерлері келді. Кездесу  оқушылардың бос уақыттарын қамту мақсатымен Тәуелсіздік күніне арналды, өйткені мерекелік күндерде полиция қызметкерлері қала тұрғындарының тыныштығын қорғау бойынша қызметтерін атқарады.

Қонақтар қазақ халық және эстрада әндерінің орындалуындағы концерттік бағдарламаларын ұсынды. Аспаптық жанды музыка, музыканттардың залмен қарым-қатынасы, кішкентай көрермендердің жылы қолдауы концертте жағымды атмосфераның тууына ықпал жасады. Мерекелік концерт балаларға қуаныш пен оң эмоциялар тарту етті.

«Осындай қызмет бабындағы адамдармен жылы шырайлы кездесулердің үлкен тәрбиелік мәні бар. Өйткені полиция қызметкерлері балалар үшін, әсіресе ұлдар үшін үлгі болып табылады. Мүмкін осы балалардың ішінде қазірден өзінің өмірін ауыр, әрі құрметті іске арнауды аңсап жүргендер бар болар», - деді басшы орынбасары Рахимов Саят Стальевич.