ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңартылған мазмұн жағдайында мектепке инновациялық басшылық жасау
22-12-2017 03:10
Жаңартылған мазмұн жағдайында мектепке инновациялық басшылық жасау

Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылғы 21 желтоқсанда  № 9 ЖОМ қалалық сараптама кеңесінің отырысы болды.

Директор С. В. Завальная мен директордың орынбасары Е. В. Мұратхожина «Жаңартылған мазмұн жағдайында мектепке инновациялық басшылық жасау» үлгісін көрсетті. Заманауй кезеңде негізгі  тренд  кадр саясатының бағыты екені мәлімделді. Жаңаны қолданудың жаппай сипаты педагогтердің  кәсіби біліктілін арттыру қажеттілігін күшейтеді. Жаңа мүмкіндіктер мен ресурстарға ізденіс бізге (әкімшілікке) басқару үлгісін анықтауға және  мазмұн жаңартылған кезеңде педагогтердің өзара түрлі әрекеттері (әдістеме бірлестігі, шығармашылық топтар, корпоративтік оқулар) арқылы біліктілік арттырудың мектепіші жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні мазмұнды  жаңарту аясында білім беру жүйесінде ең  басты  бағыт ол  функционалды сауаттылық. Бұл  тұрғыда SAM (School Achievements Monitoring), әдісін енгіізу  керек, бұл әдіс  оқушының  жеке-дара  немесе  жалпы  сынып бойынша  фукнционалды даму  аспектісін  бағалау мүмкіндігін береді.  

Өткізілген коучингтерде өлшемдер мен дескрипторларға сәйкес  сабақты бақылау картасы әзірленіп құрылды. Құрастырылған карта 2, 5, 7 сынып қатарларында  көрсетілген сабақтарды бағалауға мүмкіндік жасады.

«Бүгінгі күнде бізде педагогтің біліктілігінің дескрипторлық суреттемесі, негізгі біліктілік картасы, өзін-өзі бағалау парағы, педагог қызметін квалиметрикалық ілестіру жол картасы бар. Осының бәрі педагогті саналы түрде меңгермеген біліктіліктен жете түсінген біліктілікке жетелеу мүмкіндігін жасайды», - деп қорытындылады мектеп директоры