ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдер шығармашылық тобының жұмыс қортындылары
22-12-2017 06:03
Мұғалімдер шығармашылық тобының жұмыс қортындылары

«PISA халықаралық зерттеуін өткізу шеңберінде оқушылардың функционалдық жаратылыстану ғылыми сауаттылығын дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп, 2017 жылы физика, биология, география тәрізді жаратылыстану ғылыми пәндерінің 20 сертификатталған мұғалімдерінен құралған шығармашылық топ ұйымдастырылды. Шығармашылық топтың жетекшісі, институттың мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Балкен Жебенқызы Ауталипова болды. Топ жұмысының негізгі бағыты - оқушылардың функционалдық жаратылыстану ғылыми сауаттылығын қалыптастыру деңгейін анықтау үшін қағидалар құрастыру.

PISA халықаралық зерттеулерін өткізу және шешу жолдарын табу шеңберінде шығармашылық топ ұжымы оқушылардың функционалдық жаратылыстану ғылыми сауаттылығын қалыптастыру мәселелерін талқылады, шығармашылық топ жұмысының басым бағыттары және күтілетін нәтижелері анықталды. Жұмыстың негізгі қортындысы - «Оқушылардың функционалдық жаратылыстану ғылыми сауттылығын қалыптастыру мониторингін ұйымдастыру» бойынша әдістемелік  ұсыныстар әзірлеу болды, және осы ұсыныстар «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру деңгейі мониторингін ұйымдастыру» жинағының материалдарына енді.

2017 жылғы желтоқсанда шығармашылық топтың қортынды отырысында 9 қатысушыға институттың сертификаттары табыс етілді.