Жыл сайын желтоқсанның аяғында қала әкімінің атынан Жаңа жылдық шыршаны өткізу дәстүрге айналды.
25 желтоқсанда сағат 15.00. «Ертіс» қонақ үйі кешенінде қала әкімі Н. К. Әшімбетовтың қатысуымен «Астана - менің мақтанышым» атауымен жаңа жылдық ертеңгілік өтеді.
Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жана жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9-даң 13 жастағы 150 бала. Барлық жаңа жылға қатысатын балалар қала әкімінің атынан сыйлықтар мен ойыншықтар алады.
Сонымен қоса, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, асырап алған отбасында және патронаттық тәрбиешілердің балалары, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы 330 балаларға Павлодар қаласы әкімінің атынан тәттілері бар жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылады.
Жаңа жылдық мерекеден кейін балалар «Ертіс Синема» кинотеатрында мультфильм көретін болады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі