ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық конкурстағы гран-при
26-12-2017 15:09
Республикалық конкурстағы гран-при


      ІІ Республикалық «Новогодний переполох» балалар, жастар және үлкендер шығармашылығыныңфестиваль-конкурсы Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы және тәтті сыйлық таратуынан басталды. Конкурс 2017 жылғы 24 желтоқсанда «Шаңырақ» ҚМСО-да өтті, конкурс ұйымдастырушысы «Dionis BN» ЖШС және Қарағанды қаласының «Dionis»вокалдық-эстрадалық студиясы болып табылады. Мақсаты – Қазақстанда музыкалық, би және театралды шығармашылықты қолдау және дамыту. Конкурсқа Павлодар облысы мен Қарағанды қаласының әр түрлі жастағы шығармашылық ұжымдары мен жеке ән айтушылар қатысты.
Конкурс қорытындылары бойынша Павлодар қаласының № 4 сәбилер бақшасының «Веселинка» тобы «Хореография» номинациясында гран-при иеленді.

      Конкурста балабақша тәрбиеленушілері «Маленькая страна» биімен өнер көрсетті. Топ құрамында 4 - 5 жастағы 12 бала. Конкурстың ең кішкентай қатысушысы 3 жасар Виктория Антонова, «Солнышко» 2-ші сәбилер тобының тәрбиеленушісі «Художетсвенное слово» номинациясында I-орын иеленді. Ол «Давайте дружить» өлеңін оқыды. Топ 2016 жылдан бастап жұмыс істейді, топ жетекшісі және хореографы Елена Александровна Никитина.

       Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі атынан конкурсқа 28 жеке ән орындаушы және шекті аспаптар ансамблі қатысты. Мектептің барлық қатысушылары гран-при және І-орынға ие болды. Мектеп оқушылары өздерін көрсетіп конкурстың барлық номинациялары бойынша жоғары орындаушылық деңгейін растады.

      Гран-при жоғары жүлдесіне ие болғандар Томирис Утешова (домбыра), педагогы Майра Сыздыққызы Сексембаева, гитаристер Фаиль Сибагатуллин (педагогы Иван Вячеславович Кузякин), Артур Агеев және Әлім Нұршат (педагогы Әлия Әділбекқызы Сазонова), фортепианода орындаушылар Дана Жунусова және Риза Ахметова (педагогы Светлана Леонидовна Рябовол), Александра Шевченко (педагогы Наталья Дмитриевна Якшова), Алина Ядрышникова (педагогы Елена Александровна Попова), Асхат Тулегенов (педагогы Наталья Васильевна Ерисова), Әділ Бекмурат (вокал), педагогы Анжела Николаевна Король.

       «Гварнери» шекті аспаптар ансамблі де гран-при иеленді, жетекшісі Наталья Викторовна Захарчук, концертмейстер Наталья Васильевна Ерисова. Олардың орындауында «Пираты Карибского моря» туындысы шырқалды.

        Мектептің барлық 18 жеке орындаушысы I-орын иеленді.