ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа жылғы балалардың шығармашылығы
29-12-2017 09:52
Жаңа жылғы балалардың шығармашылығы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қатысуымен 2017 жылдың 26 желтоқсан  күні  № 8 сәбилер бақшасында Жаңа жылды қарсы алуға арналған  «Аяз Ата мен Ақшақар өнерлі бүлдіршіндерді шақырады» қалалық сайысы өткізілді. Мақсаты - балаларды өнерге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық мәдениетті көтеру. Сайыстқа 42 тәрбиеленушілер қатысты, ата-аналар, БАҚ шақырылды.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды - ән байқауы, би байқауы, жаңа жылдық костюмді қорғау және үй тапсырмасы (тастанды заттардан жасалған жаңа жылдық шырша жасау). Сайыста өнерге деген белсенділік көрсетіп, қатысуға ынта білдірген № 7, 8, 12, 16, 33 балабақшалар.

Сайыстың қорытындысы бойынша гран-при иегері № 12 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері, І орын иегері № 8 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері, ІІ орын - № 33 сәбилер бақшасы, ІІІ орын - № 7, 16 сәбилер бақшалары иеленді. Қатысушылар Аяз Атаның сыйлығына ие болды.