ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Панорамалық сабақтар онлайн-конкурсының қорытындылары
03-01-2018 15:48
Панорамалық сабақтар онлайн-конкурсының қорытындылары

«Менің нәтижелі сабағым» панорамалық сабақтар облыстық конкурсының ІІ кезеңінің нәтижесі бойынша сертификатталған мұғалімдер арасынан І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының Жетекші ЖОМ математика пәнінің мұғалімі Жазира Орынғазықызы Орынғазиева марапатталды.

«Рефлексивтік тәжірибе» номинациясы бойынша Павлодар қаласының №39 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Айсауле Гайдарқызы Байменова марапатталды. Конкурс «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен өткізілді. Мақсаты - білім беру мазмұнын жаңарту және «Нәтижелі оқыту» біліктілігін арттыру курстар бағдарламасы идеялар жағдайында сертификатталған мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін дамыту.

Ережеге сәйкес 2017 жылдың 30 қарашасына дейін ұйымдастырушы комитет конкурстық жұмыстарды қабылдап, orleupvl.kz сайтына орналастырды. Панорамалық сабақтарды бағалауы сайтқа тіркелген қатысушылардың онлайн дауысы және сараптама қазылардың бағасы есепке алынып  жүргізілді.

Онлайн-конкурста Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Астана (62 мектеп-лицейі) қалаларының, Шербақты, Баянауыл, Павлодар, Ақтоғай, Ертіс және Лебяжі аудандарының, Шығыс-Қазақстан облысы (Чапаев ауылының, Зыряновск қаласының ЖОМ) жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері қатысты. 75 өтініш білдірген жұмыстардан ІІ кезеңге 23 сабақ, соның ішінен Павлодар қаласы мектеп мұғалімдерінің 7 сабағы өтті.