ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері оқушыларының қысқы демалысы
04-01-2018 11:07
Қала мектептері оқушыларының қысқы демалысы

Қаланың барлық білім беру мекемелерінде өткен, жаңа жылдық мерекелік шаралардан кейін, ағымдағы жылғы 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін мектептер оқушыларына қарастырылды: спорттық турнирлер және жарыстар, музыкалық лекториялар және экскурсиялар, Баянауылға, Екібастұзға, Алматыға, Бурабайға туристік сапарлар.

Қала мектептері  мен аулалық клубтарда әртүрлі бағыттағы 286 үйірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Демалыс күндері балалар мұражай, театр,кинотеатрларға барып, көңіл көтере алады. «Ашық күндер» аясында өткізілетін музыкалық, көркемсуреттік техника бағыттарындағы іс-шараларға қатысады. «Мұз айдын дағы ойындар», «Қысқы ою-өрнек» атты жас таланттардың көрмесі ұйымдастырылады.

«Жігер» жас өспірімдер орталығының аула клубтарында 3 - 5 қаңтар аралығында  «Ақ ладья» шахмат ойыны бойынша біріншілік өтеді.

Балалардың таза ауада уақыт өткізуіне және қысқы спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Сондықтан 3 - 6 қаңтар аралығында қысқы спорт түрлері бойынша қалалық оқушылар спартакиадасы өткізілдеді. Қаңтардың 3-і күні «Жаңажылдық  жарыс» атты қалалық спорттық біріншілік өтті.

«Рухани жаңғыру» аясында қаңтардың 4-де  «Асығыңыз алшысынан түссін» атты ұлттық ойындар бойынша қалалық турнир және бокстан аула клубтары арасында  кездесу өтті.

«Павлодар дарыны» дарынды балаларды дамыту орталығы және қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен  қаңтардың 3 - 7-і аралығында қалалық  волейболдан мектепаралық  лига өткізіледі.

Қысқы демалыспен жалпы 37000 оқушы қамтылды.