ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Олимпиадашылардың оқу-жаттықтыру сабақтары
04-01-2018 14:25
Олимпиадашылардың оқу-жаттықтыру сабақтары

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығымен 21 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында олимпиадаға оқушыларды дайындау бойынша оқу-жаттықтыру сабағын өткізді. Сабаққа қаланың 21 жалпы білім беру мектептерінен олимпиаданың қалалық турының жеңімпаздары, 9 - 11 сыныптың 66 оқушысы қатысты.

Олимпиадашылардың сабағы 15 жалпы білім беру пәндері бойынша өткізілді (математика, физика, биология, химия, информатика, Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын, неміс, француз тілдері, құқық негіздері).

Оқушылармен сабақ өткізу үшін тәжірибелі ұстаздар шақырылды: математикадан Горшков Борис Николаевич, олимпиадалық резерв мектебінің  жаттықтырушысы, информатикадан - Поляков Илья Олегович, Павлодар қаласы № 34 ЖОМ информатика мұғалімі, химиядан - Салих Данияр Маратұлы, дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқытушысы, Қазақстан тарихынан - Мамытова Сауле Насенқызы, тарих ғылымдарының докторы, физикадан - Досанов Талғат Сапарғалиұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, химиядан - Сейтенова Ғайни Жұмағалиқызы, химия ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі және әдебиеті, Кәріпжанова Гүлназ Төкенқызы, филология  ғылымдарының кандидаты, қазақ тілінен - Кәріпжанова Айнұр Оралқызы, филология ғылымдарының кандидаты - С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің оқытушылары, биологиядан - Корогот Наталья Петровна, биологиялық ғылымдарының кандидаты, географиядан - Омаров  Мұратбек Қаппасұлы, ағылшын тілінен - Сауырбаев Ришат Жүркенұлы, профессор, магистр, орыс тілі және әдебиетінен - Гранина Екатерина Петровна, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, орыс тілінен (қазақ тілінде оқитын) - Әшімбетова Роза Дүйсенқызы, Павлодар облысы бойынша біліктілігін көтеру институты «Өрлеу» АҚ филология ғылымдарының кандидаты.