XVII облыстық конкурстағы «ҰОӘ үздік мұғалімі», «Үздік инновациялық жоба», «Үздік әдістемелік құралы» бағыты бойынша Ақсу, Екібастұз, Баянаул, Железин, Качир, Лебяжі, Павлодар аудандарының жалпы білім беру мектептерінің 40 пән – мұғалімдері, соның ішінде 10 мұғалім Павлодар қаласы мектептерінің мұғалімдері қатысты. Конкурс «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен өткізілді.
«Үздік әдістемелік құрал» конкурсының нәтижесі бойынша ІІ орынды Жетекші ЖОМ орыс тілінің мұғалімі Люция Равильевна Вахитова, № 19 ЖОМ информатика мұғалімі Алмас Сансызбаевич Серикбаев, ІІІ орынды Павлодар қаласының № 34 ЖОМ орыс тілі мұғалімі Марина Юрьевна Быценко алды.
Конкурстық жұмыстарда мұғалімдер жетістіктерін, педагогикалық шеберлігін, ұжымдық оқытудағы тәсілдердің технологиясы бойынша өздерінің жұмыс тәжірибиесін ұсынды. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шолпан Саменовна Нұрахметова: «Үнемі өзгеріп отыратын заманауи ағымдарға сәйкес болуы үшін мұғалімнің жоғары құзыреттілігі, кәсіби міндеттерді шешуге және өз ойын тұжырымдауға икемділігі, біліктілігін өз бетінше дамытатын, өз жұмысын талдайтын, жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын жетік меңгерген мұғалімге жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп белгілейді.