ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертегідегідей каникулдар
05-01-2018 14:30
Ертегідегідей каникулдар

Қысқы каникул кезеңінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебіндегі Г. Х. Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісінің жаңа жылдық қойылымына және № 2 балалар музыка мектебіндегі «Жаңа жылдық ертегі» концертіне барды.

Спектакль қойылымы балалар мен ересектерді ертегінің сиқырлы әлеміне баурап әкетті. Балалар, ата-аналар және мектеп педагогтары мерекелік оқиға атмосферасына еніп кеткендей күй кешті. Аса қызығушылықпен костьюмдер таңдап, спектакльге декорация дайындады, сахнаны және көрермендер залын безендірді. Аяз ата барлық спектакль қатысушыларына жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды тарту етті. Ертегіде ғажайыптар кездеседі, сахнада да таңғажайып орын алды: біздің бөбектер кішкентай әртіске айналды! Музыкалық спектакль жетекшісі, мектеп педагогы Юлия Вадимовна Захарчук жас қатысушылардан нағыз талантты әртісті шығара білді. 120-дан аса көрермен батыл Герде мен кішкентай Қарақшыға ду қол шапалақтады, ал Қар Ханшайымы барлығын таң қалдырды.

«Жаңа жылдық ертегі» концертіне № 2 балалар музыка мектебінің вокал және хор бөлімінің 20 тәрбиеленушісі қатысты. Бағдарламаның репертуарында жаңа жылдық әндер, ойындар, викториналар қатысушыларға мерекелік атмосфераны және ертегілерді құруға көмектесті. Жаңа жылдық мерекеге 50-ден астам жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Іс-шараның  жетекшісі - мектептің оқытушысы Анжела Николаевна Король. Концерттің барлық қатысушылары мен көрермендері жаңа жылдық сыйлықтар алды.