ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандардың кәсіби қалыптасуы
08-01-2018 09:17
Жас мамандардың кәсіби қалыптасуы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2018 жылғы 4 қаңтарда № 24 ЖОМ жас педагогтерге арналған «ПроЛС» клубының оқыту семинар-практикумын өткізді. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы заманауи сабақты үлгілеу. Мен - сынып жетекшісімін» семинарында 82 жас маман, соның ішінде мемлекеттік тілі оқытуымен 40, орыс тілі оқытуымен 42 педагог қатысты.

Семинар шеңберінде мектеп әкімшілігінің, тәлімгерлер тәжірибиелі ұстаздардың, шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән-мұғалімдердің,  қатысуымен шебер-сағаттар, коучингтер, тренингтер, іскерлік ойындар өткізілді.

«Білім берудегі көшбасшы» диалогтық алаңында мектеп директоры Н. Ш. Рахимгожина және директордың орынбасары А.Ш. Казимова қатысты. Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша диалогтық алаңын бастауыш сынып мұғалімі З. К. Мусабаева, математика және физика мұғалімдері А. С. Наскенова, А. К. Аширбекова, Н. В. Виндерголер,  сызу және бейнелеу өнері мұғалімі Б.С. Ахметова, химия және биология мұғалімі Н. В. Имперова, технология мұғалімі Н. И. Литвинова басқарды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, критериалды бағалауды қолдану бойынша жас мамамандар шебер-сағаттардың, коучинтердің, іскерлік ойындардың, ата-аналар және оқушылар ұжымдарының жұмысы бойынша консультациялардың белсенді қатысушылары болды.

Оқытудың қорытындысы бойынша қатысушыларға ұсыныстар, жаднамалар, қатысқан шаралардың материалдары берілді.

Осы оқу жылында педагогикалық ЖОО және колледждердің түлектері, 78 жас педагог қаланың жалпы орта білім беру мектептеріне келді. «ПроЛС» клубы 8 жыл аралығында жұмыс жасайды (отырыстар № 36 ЖОМ өткізілді), осы оқу жылында отырыстарды № 24 ЖОМ өткізеді (78 % жас педагог жұмыс істейді).