ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала олимпиадашылары командасы - облыстық олимпиаданың ең үздігі
08-01-2018 11:33
Қала олимпиадашылары командасы - облыстық олимпиаданың ең үздігі

Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінде 2018 жылы 5 - 6 қаңтарда 15 жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылардың  56-шы республикалық  олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға Павлодар қаласы олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері санынан 66 оқушы (19 %) қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде 29 оқушы (44 %), 37 орыс тілінде (56 %) № 2, 7, 9, 14, 16, 17, 20, 22, 25, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 41, 42) жалпы білім беру мектептерінен.

Жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша 23 (35 %) оқушы қатысты, оның ішінде физикадан, информатикадан, географиядан, химиядан 4 қатысушы, математикадан - 3, биологиядан 2 қатысушы.

Олимпиадаға информатика және математикадан бойынша 9 сынып оқушыларымен теңдесіп қалалық кезеңнің ең жас оқушысы Колодин Максим (6 сынып, № 34 ЖОМ), Байгушкаров Олжас, № 38 ЖОМ 8 сынып оқушысы қатысты.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша олимпиадаға 43(65 %) оқушы қатыстықазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы - 5 қатысушы, қазақ тілі, орыс тілі, орыс тілі және әдебиет - 4 қатысушы, құқық пәндері, ағылшын тілі, неміс тілі - 7 қатысушы.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы  бойынша «Ең үздік қалалық команда» номинациясында Павлодар қаласының командасы I орын алды.

       Қала мектептерінің оқушылары 45 жүлделі орын алды, оның ішінде I орын - 9,2 орын - 9,3 орын орын - 27. Бұл 2017 жылға қарағанда 11 жүлделі орынға көп.

       Ең көп қатысушылар санын ұсынған № 37 ЖОМ (10 қатысушы), оның ішінде 9 жеңімпаз. Жоғарғы нәтиже көрсеткен мектептер № 39 (6 жеңімпаз), № 22, 25 - 5 жеңімпаздан.

       «Олимпиаданың ең жас қатысушысы» номинациясында информатикадан III орын алған Колодин Максим белгіленді.

         Қатысушылар білімін жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің  құрамынан құрылған әділ қазылар  бағалады.