ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық робототехника көрмесінің қорытындысы
09-01-2018 11:27
Облыстық робототехника көрмесінің қорытындысы

2018 жылғы 4 - 5 қаңтар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Біз болашақтанбыз» робототехника көрмесіне облыс және Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары белсене қатысты. Көрме ұйымдастырушысы ретінде институттың ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту тәсілдері және инновациялық технология кафедрасы болып табылады. Мақсаты - білім беру роботын бағдарламалау және модельдеу саласындағы тәжірибемен алмасатын ашық алаңын құру, STEM технологиясын қолдану саласын кеңейту, оқушыларға арналған робототехника курстарын жарыққа шығару, робототехника мұғалімдерінің жалпы кәсіби қауымдастығындағы интеграция контекстінде педагогтар белсенділігін жетілдіру және қолдау.

Барлығы 62 оқушы қатысты, оларды 35 робототехника жаттықтырушы-мұғалімі қолдады, Павлодар қаласы бойынша 17 мектеп қатысты. Роботтың 52 моделі бойынша оқушылар EV3 модулінің LEGO Education  бағдарламасымен барлық білім беру мүмкіндіктерін көрсете алды.

Көрермендер назарында аса қызығушылық тудырған әлеуметтік бағыттағы 2 жоба «Үздік бағдарламашы», сондай-ақ «Болашақ тұрағы», авторы - Малых Артем мен Сыздыкова Айпара, жаттықтырушы - Садыков Рустам Талгатбекович (Павлодар қаласы, № 11 ЖОМ).

Барлық оқушылар білім беру роботтарының көрме моделін асқан шығармашылықпен орындады, ұйымдастырушы комитеті «Үздік дизайн» номинациясымен 3 жұмысты жеке атап өтті, оның ішінде № 29 ЖОМ оқушысы Некрытов Сергей  (RoвoZAVR).

«Үздік жаттықтырушы» номинациясы бойынша 2 мұғалім аталып өтті, оның ішінде Серикбаев Алмаз Сансызбаевич (Павлодар қаласы, № 19 ЖОМ).