ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық конкурстық жобаның гран-при иегері
24-01-2018 10:13
Халықаралық конкурстық жобаның гран-при иегері

Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Мұзафар Гауһар қаңтардың 19-20 күндері Астана қаласында өткен халықаралық «Бала шабыты» атты конкурстық жобаға қатысып келді. Бұл конкурстық жоба Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер М Омаров, «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Балалар мен жасөспірімдер бірлескен ұйымының төрайымы Д. Садвақасова, әнші, халықаралық байқаулардың лауреаты Б. Нурумбетовтың ұйымдастыруымен өтті.

 Бұл Ресей, Қырғызстан, Қазақстаннан 220 өнерлі балалар мен жасөспірімдер қатысқан үлкен дода болды.

Гауһар халықаралық «Бала шабыты» конкурстық жобасының Бас жүлдегері атанды. Сонымен бірге 20 мыңдық сертификат және ақпан айында Ресейде өтетін «Дельфи ойындарына» жолдама алды. Гауһар конкурстық жобада Гауһар А. Жүнісбековтың «Қазағымсың» әнін орындады.

Гауһар өнерімен ерекше көзге түсіп жүрген жас таланттардың бірі.Ол желтоқсан айында мектебімізде «Елім деп соққан жүрегім» атты жеке шығармашылық концертін берген болатын.

Бұған дейін де талай «Жырлайды жүрек» (І орын 2017 жылы), «Асыл мұра» (І орын 2016 жылы), «Сәлем, Қазақстан» (І орын 2017 жылы) сияқты халықаралық, республикалық  байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған еді.

Мұзафар Гауһарды өнерге баулып жүрген ұстазы Балкенов Жанұзақ Қорабайұлы конкурстық жобаның ұйымдастырушылары атынан Алғыс хатпен марапатталды.