ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтер аттестаттауы бойынша сараптама тобының отырысы
25-01-2018 12:13
Педагогтер аттестаттауы бойынша сараптама тобының отырысы

Павлодар  қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен білім беру мекемелері педагогтерінің аттестаттау жұмыстары нәтижесінің материалдары сараптама тобының қарауына ұсынылды. 2018 жылғы 19 қаңтарда бірінші және жоғары біліктілікті санатына аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің педагогикалық әрекетінің сараптамасы бойынша сараптама тобының отырысы өткізілді.

Материалдарды зерттеген кезде жүзеге асырудағы ең нәтижелі жолдарын іздеуі, кәсіби өсуін ынталандыруы, мұғалімнің шеберлік деңгейін арттыруы еске алынады. Біліктілікті талаптарына сәйкес педагогикалық әрекетінің дайындық сараптамасын, аттестаттау мерзімі аралығында мұғалім әрекетінің талдауын, әртүлі деңгейдегі семинарларда, доклад оқуларында, баспа өнімдерін рецензиялауын қамтийды.

Педагогикалық әрекетінің нәтижесін растау туралы құжаттарын қаланың жалпы білім беру мектептерінің 450 педагогі (326 - жоғары, 106 -бірінші санатқа, 18 педагог - алдын ала), 61 қосымша білім беру педагогі (олардың ішінен  42 - жоғары санатқа, 19 - бірінші, 7 - алдын ала), 267 мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері (71 - жоғары, бірінші санатқа - 135, алдын ала - 61). Сараптама кеңесі білім беру ұйымының әр педагогикалық қызметкері бойынша аттестаттаудан өтетін педагог әрекетінің нәтижесіне қорытынды жасады.

Мүғалімдерді аттестаттау шеңберінде қала мектептерінде әдістемелік күндер, аттестаттаудан өтетін педагогтермен шығармашылық есептер, ашық сабақтар өткізілді. Қалалық және облыстық шараларда 450 аттестаттаудан өтетін педагог  жұмыстарын ұсынды. Олармен 381 сабақ, 43 шебер-сағат, 24 облыстық және қалалық семинар, 2 коучинг өткізілді.

Қаланың білім беру ұйымдарының 64 - педагогі қала деңгейінде, 15 - облыста, 7 республика деңгейінде педагогикалық тәжірибиені таратты.

Педагогтер әрекетінің аттестаттауы бойынша 450 мұғалімге, 61 қосымша білім беру педагогтеріне, 267 мектепке дейінгі мекемелерінің қызметкерлеріне сараптамалық қорытындылар берілді.