2018 жылы 7 ақпанда сағат 10.00 Павлодара қаласы № 28 сәбилер бақшасында (Лермонтов көшесі 98/1) «Жылы жүрек - жомарт қол» қайырымдылық акциясы өтеді.
Мақсаты - жағдайы төмен отбасыларға көмектесу, әлеметтік-моральдық, рухани құндылықтарды қалыптастыру және жас өспірімдердің санасында қайырымдылық туралы оң пікір қалыптастыру.
Акцияға балабақшаның тәрбиеленушілері және ата-аналар, педагогтар және Мәшһүр Жүсіп мешітінің өкілдері қатысады.
Жағдайы төмен отбасыларға арналған балабақшадағы киім жинау 2017 жылдың тамыз айында басталды. Киім жинауға ата-аналар, балабақша қызметкерлері қатысады.
2017 жылы тамыз айында басталып, қаңтар айына дейін жалғасты. Жиналған барлық кимдер жағдайы төмен отбасылар үшін Мәшһүр Жүсіп мешітіне тапсырылмақ.
Палодар қаласының білім беру бөлімі