ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің роботым» робототехника бойынша бірінші қалалық олимпиада
30-01-2018 16:34
«Менің  роботым»  робототехника бойынша бірінші қалалық олимпиада

Оқушылардың бағдарланған робот дағдыларын жетілдіру мақсатында 2018 жылы 30 қаңтарда № 25 ЖОМ «Менің  роботым» робототехника бойынша алғаш рет  I қалалық олимпиада өткізілді.

Қаланың 30 жалпы білім беру мектептерінен  екі жас тобынан  робототехника бойынша мектеп үйірмелерінің қатысушылар  санынан  108 оқушы  құрамында 57 командадан қатысты.

Жарыс талабына сәйкес қатысушылардың роботтары техникалық сараптамадан өтті.

37 командадан  5 - 8- сынып  оқушылары ЛЕГО Мindstоrm конструктор негізінде орындалған, автономды роботтарды дайындағаннан кейін, «РОБОСУМО» жарысына қатысты. Жекпе-жек ара қашықтығына қарамастан  қарсыласын алаң сыртына тиімді  шығарып тастаған робот жеңімпаз аталады.  

20 командадан  9 - 10-сынып оқушылары роботты бағдарламалап және жинағаннан кейін «Гонки по линии» жарысына қатысты. Жарыс  шартының бірі аз уақытта ара қашықтықтың қара жолағы  бойынша қозғалып,бір шама ұпай жинау болып табылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5 - 8 сынып оқушылары арасындаІ дәрежелі дипломмен № 22 ЖОМ 7 сынып оқушылары  Базарханов Санжар, Егеубай Смайыл. ІІ дәрежелі дипломмен  № 13 ЖОМ 7 сынып оқушылары  Лебедева Влада, Боленко Данил. ІІІ дәрежелі дипломмен № 34 мектебінің  6сынып оқушылары  Әбішев Нариман, ЮревичСемен марапатталды.

9 - 10-сынып оқушылары  арасында І дәрежелі дипломмен № 28 мектебінің 9 сынып оқушысы  Михаил Поморзин. ІІ дәрежелі дипломмен №39 мектебінің 10 сынып оқушылары Алишер Байбатчинов, Данил Черкасов. ІІІ дәрежелі дипломмен № 9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары Дарья Щербакова, Виктория Филяева марапатталды.

Олимпиаданы өткізуге және ұйымдастыруға жоғары деңгейде  білікті көмек көрсеткен   және маңызды үлес қосқан техникалық комиссиятөреші мүшелері  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.