ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Зерде» республикалық байқауының қорытындысы
31-01-2018 17:37
«Зерде» республикалық байқауының қорытындысы

1 - 7 сыныптар  оқушылар  арасындағы  «Зерде» зерттеу жұмыстары мен  шығармашылық жобалары республикалық байқауының қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы   8 бірінші орын, 5 екінші орын, 6 үшінші орынға иеленіп, 100% сапа көрсетті.

«Валеология және экология» секциясы бойынша  Павлодар қаласының  № 16 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Тусупаева Айжан  I  орынға  (облыстық байқауда 2 оқушы ғана орын алды), «Тарих, өлкетану, мәдениеттану» секциясында № 39 мектебінің 4 сынып оқушысы Балашов Кирилл (3),  «Медицина және психология» секциясында № 21 мектебінің 3 сынып оқушысы Сапарова Даяна иеленді.

«Физика және техника» секциясы бойынша № 21 мектебінің 3 сынып оқушысы Захаров Богдан  II орын алды.

Байқау 2018 жылдың 29 - 31 қаңтар күндер аралығында  Щучинск қаласының «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. Қазақстанның түпкір-түпкірінен 420-дан астам жас зерттеушілер жиналды. Павлодар облысынаң 19  оқушы ұсынылды, облыстық  кезеннің  жеңімпаздары.  Павлодардың жас дарындылары  математика, информатика, физика және техника, психология, химия, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттанубойынша 15 жобаны  қорғады.