ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық кеңесінің үздік бағдарламасы
01-02-2018 10:01
Педагогикалық кеңесінің үздік бағдарламасы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен «Педагогикалық кеңесінің үздік бағдарламасы» конкурсы өткізілді. Мақсаты - басқару мәдениетін арттыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы инновациялық тәжірибиені тарату. Конкурста 17 жалпы білім беру мектептерінің 17 директор орынбасары, № 46, 86, 102 балабақшалардың 3 әдіскерлері қатысты. Конкурста 20 педагогикалық кеңестердің бағдарламалары ұсынылды.

Қазылар алқасы құрамына Ресей әлеуметтік және педагогикалық ғалымдары Академиясының корреспондент-мүшесі Н. П. Сеременко, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогикалық ғалымдарының кандидаты, профессор, ИнЕУ магистрі, аға оқытушысы А. М. Утилова, Павлодар қаласы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова, әдіскер Ш. Ш. Каиргазина, № 2, 11, 42 директорлардың орынбасарлары  К. С. Табулова, И. Ю. Юрчик, Б. М. Акишева.

Алқалы сараптама комиссияның нәтижелері бойынша жеңімпаздар және жүлдегерлер анықталды. Гран-при «Учитель новой формации: какой он?»  бағдарламасының иегерлері № 16 мектеп-лицейінің директор  орынбасарлары О. Д. Казакова,  Ж. Ж. Жаксылыкова, «Педагогическое сотрудничество как способ организации повышения профессионального мастерства учителя» бағдарламасында І орынды № 39 ЖОМ директордың орынбасары М. Х. Түлкібекова,  «Семейное неблагополучие и система мер предотвращения утраты родительского попечения. Лучшие практики детствосбережения. Позитивное родительство»  «Инновационные подходы к профильному обучению» бағдарламаларында ІІ орынды № 29 ЖОМ әлеуметтік педагог В. Г. Хуако, № 21 ЖОМ директордың орынбасары А.А. Кайкенова алды. «Формирование духовно-нравственных ценностей как средство реализации программы «Мәңгілік ел»,   «Рухани  жаңғыру  3D бағдарламасын  оқу-тәрбие  үрдісіне  енгізудің  механизмдері,  проблемалары,  шешу  жолдары», «Қазақстандық білім берудің жаңа стратегиясы мен мүмкіндіктері: оқу-тәрбие үрдісіндегі алғашқы нәтижелер»  бағдарламаларында ІІІ орынды № 20, 22, 35 директорлардың орынбасарлары Р. Т. Сүлейман, М. Р. Смакова, Г. А. Бекмұрзинова, Г. О. Майбасова,  А. С. Дүсенбаева алды.

Конкурс білім беру сапасын нәтижелі басқару үшін білім беру мазмұнын жаңартылуы бойынша жұмыстардың иннновациялық тәжірибиелерді анықтауды мүмкіндік берді. № 16 мектеп-лицейінің директордың орынбасарлары педагогикалық кеңестің бағдарламаларында педагогикалық кеңесті дайындау және өткізу барысындағы «Выявление профессионального уровня учителей» педагогтердің сауалнамасы, квалиметриялық тәсілі негізінде мұғалімнің, оқушының, сынып ұжымының әрекетін талдау, мектептің нәтижелі моделін жасаудағы жаңа түрлерді қолдануды көрсетті.

«Педагогикалық кеңесінің үздік бағдарламасы» облыстық конкурсында Павлодар қаласын жүлдегерлер мен жеңімпаздар ұсынады.