Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық негізінде Павлодар қаласы білім беру бөлімімен 2018 жылғы 30 қазанда қаланың жалпы орта мектептері түлектеріне сынамалы тестілеу ұйымдастырылды. Тестілеудің мақсаты - оқушылардың пәндер бойынша білімдерін тексеру, Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалу кезінде көмек беру.
Тестілеу 4 мектептің базасында өткізілді, оған 35 мектептен 999 оқушы қатысты. Тестілеуге үш міндетті пәндер бойынша сұрақтар енгізілді: математика, орыс, қазақ және шетел тілдері, Қазақстан тарихы, химия, физика, биология.
Сынамалы тестілер жүргізу, қорытынды аттестацияға дайындау және «Алтын белгі» аттестаты мен үздік аттестатқа үміткерлерді тестілеу, мұғалімдерге бейінді пәндер бойынша әдістемелік көмек көрсету жұмысы жалғасатын болады.