ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық қызметкерлер мүддесіне
02-02-2018 18:26
Педагогикалық қызметкерлер мүддесіне

2018 жылғы 2 ақпан күні  Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен «Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ЖШ филиалы 2018 - 2020 жылдарына білім беру бөлімінің басшысы Г. Ш. Қадырбаева мен «Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ЖШ филиалының басшысы С. Ш. Сейітова арасында әлеуметтік серіктестік туралы салалық келісімге қол қойылды.

Келісімге қол қоюдың басты мақсаты - әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу, білім беру мен ғылым саласындағы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін үйлестіру, педагог қызметкерлердің кепілді құқықтарын қорғау және мұғалімдердің жұмысын ынталандыру.

Келісім әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде тиімді ынтымақтастықты дамыту, білім және ғылым саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын шарттық реттеу, қабылданған міндеттемелерді уақтылы және толық орындауға бағытталған.