Павлодар қаласы білім беру бөлімі 2018 жылғы қаңтар айының 29-30 күндері аралығында № 29 ЖОМ негізінде «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2018» қалалық сайысы өтті. Бұл сайысқа 18 қала мектептерінен дене тәрбиесі мұғалімдері қатысты.
Сайыс II турдан тұрды - жұмыс тәжірибесін көрсету, ашық сабақ өткізу.
I тур қорытындысы бойынша ІІ турға 8 дене тәрбиесі мұғалімі өтті: А. Р. Омаров (№ 5 ЖОМ), Т. М. Хасанов (№ 14 ЖОМ), Т. А. Алексеенко (№ 21 ЖОМ), М. А. Абдикаримов (№ 24 ЖОМ), М. А. Драган (№ 26 ЖОМ), С. И. Давыдова (№ 28 ЖОМ), М. К.Скаков (№ 34 ЖОМ), О. А. Цибулько (№ 42 ЖОМ).
Сайыс қорытындысы бойынша Светлана Ивановна Давыдова жеңімпаз атанды, II орынды Арнур Рамазанович Омаров, ІІІ орынды Наталья Александровна Алексеенко, Тимур Митхатович Хасанов иеленді.
Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды, № 28, 21, 5, ЖОМ мұғалімдері 2018 жылғы 8 - 9 ақпанда өтетін облыстық сайыста қаланың намысын қорғайтын болады.