ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директорлары кеңесі
14-03-2018 10:05
Мектеп директорлары кеңесі

2018 жылғы 13 наурызда Қ.Мақпалеев атындағы № 4 ЖОМ қала мектептерінің директорлар кеңесі өтті.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектептердің қызметі, жалпы білім беретін мектептердің ҰБТ - 2018 бойынша дайындық барысы талқыланды. Қалалық мектептерінің кең жолақты Интернет желісіне қосылуы, «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және «BilimLаnd» оқу платформасын пайдалану тиімділігін талдау, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі туралы сөз болды. № 36, № 5 ЖОМ директорлары бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы жөнінде есеп берді.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы оқушылардың бос уақытында қызығушылықтары бойынша жұмыспен айналасуда мұғалімдердің оқушылар мен  ата-аналар арасында жеке, ақпараттық-ағартушылық  жұмысына ерекше назар аударды.

Оқушылардың жүктемесін ескере отырып, ҰБТ дайындық жұмыстарын одан әрі жалғастыру бойынша,  электронды журналды  жүргізу бойынша және  оқу үдерісінде ВilimLand цифрлық ресурстардың сапалы пайдаланылуы туралы, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берілді.