Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектепке дейінгі мекеменің үздік авторлық бағдарламасы
27-03-2018 09:22
Мектепке дейінгі мекеменің үздік авторлық бағдарламасы

Павлодар қаласының № 42 мектепке дейінгі гимназияда «Ең үздік авторлық бағдарлама - 2018»  қалалық конкурсының қорытынды кезеңі өтті.  Мақсаты - «Мәңгілік ел» құндылықтарын мектепке дейінгі білім беру бағдарламасына енгізу және «Туған ел - туған жер» бағдарламасын жаңартылған білім беру мазмұнының оқу талаптарына сәйкес іске асыру, жаңа педагогикалық технологиялар мен IT-құзыреттілікті қалыптастыру.

Байқаудың финалдық кезеңіне 13 балабақшадан 15 педагог  өздерінің авторлық бағдарлама ұсынылды (конкурсқа барлығы 35 жұмыс 40 педагог, 22 мектепке дейінгі мекемелер мәлімделген).

Сараптама комиссияның құрамында Б. Ахметов атында Павлодар педагогикалық колледжінің  оқытушылары,  білім беру бөлімінің әдіскерлері, Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар жұмыс істеді.

Алқалы мәжілістің қорытындысының  шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

I орын Жұлдыз Бейсеновна Бейсенова, № 111 сәбилер бақшасының логопеді алды.

II орын Ирина Васильевна Бестен, эстетика аға оқытушысы, режиссер, Елена Алексеевна Дорн, тәрбиеші, Елена Анатольевна Гладышева, № 24 сәбилер бақшасының әдіскері алды.

III орын Галина Павловна Вассерберг, № 117 сәбилер бақшасының әдіскері, Даниар Тұрысбекұлы Кошкембаев, № 120 сәбилер бақшасының жүзу бойынша нұсқаушы, Гульбагира Рамазановна Мырзаханова, № 121 сәбилр бақшасының әдіскері алды.

Конкурс жеңімпаздары 2018 жылғы сәуірде республикалық конкурстың Павлодар облыстық кезеңінде «Үздік авторлық бағдарлама - 2018»  таныстырады. Ұсынылған педагогикалық тәжірибе «Ең үздік авторлық бағдарлама - 2018» қалалық банкіне енгізілді.