ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Махамбет Өтемісұлының шығармашылығының білімпаздары
30-03-2018 10:23
Махамбет Өтемісұлының шығармашылығының білімпаздары

ІХ облыстық «Махамбет оқулары» байқауында жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінің 5 - 11 сыныптарынан 46 оқушы қатысып, арасынан 18 бала озып шықты.

Байқауда қатысушылар Махамбет Өтемісұлының шығармаларын белсенді білетін, күйлерін нақышына келтіріп орындайтын, тақырыбына сай талдай білетіндерін көрсетті.

     Әділ қазылар шешімі бойынша «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясында І дәрежелі дипломына Павлодар қаласының № 24 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Көлтай Мақсат ие болды. Мақсат 50-ден астам өлеңдердің авторы. Облыстық оқуларда ол «Ақынға арнау» атты өзі шығарған өлеңін оқыды.

          «Ұлы арман» номинациясында ІІ дәрежелі дипломына Павлодар қаласы № 35 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сахиева Дариға ие болды. Оның орындауында Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр қылыш» күйі орындалды.