2018 жылғы 4 наурызда Павлодар қаласының № 12 ЖОМ қаланың мектепке дейінгі мекеме басшыларымен кеңес өткізілді.
Кеңесте мектепке дейінгі мекемелерде 2018 жылы мемлекеттік сатып алуларда қаржы қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі туралы мәселелер қаралды. 1 жарты жылдың қорытындысы бойынша балалардың мектеп алды дайындықтарының жағдайы туралы мониторинг, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша әдістемелік қызметтің жұмысы туралы есеп қорытындылары тыңдалды.
Кеңестің қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г. Ш. Қадырбаева мемлекеттік сатып алуларда қаржы қаражаттарын пайдалану бойынша жұмыстарды үнемі бақылау керектігі туралы ұсыныстар берді.
Білім беру бөлімінің басшысы балаларды тамақтандыру сапасын, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтау, күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде орындау мәселелеріне ерекше назар аударды.