![Халықаралық конкурс-фестивальдің кубок иегерлері](/media/img/blogs/5ac6e561e2c89.jpg)
2018 жылдың 30 наурыз бен 2 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында Ү халықаралық «Планета искусств» атты фестиваль-сайысы өтті. Фестиваль-сайысқа Қазақстанның барлық облысынан және Ресей мен Қырғызстаннан 80 ұжым бақ сынасып, 118 би биленді.
Павлодар қаласының № 25 жалпы ЖОМ 2 - 3-сыныбының 30 оқушысынан құралған «Салтанат» би ұжымы да аталған сайысқа қатысты. Қатысушылар би жанрының түрлі түрінен өнер көрсетіп, 4 жүлделі орын мен фестиваль кубогын жеңіп алды (үш 1 орын және бір 2 орын).
«Салтанат» би тобы «Қуаныш», «Шаттық» билерін орындап, І орынды жеңіп алды. Кубок иегері атанды.
«Алтынай» биін дуэт болып орындаған Жұматаева Адема мен Исабай Әлфатима І орын және «Қара жорға» биін трио болып орындаған Аманбай Ислам, Жұматаева Адема, Исабай Әлфатиха І орынға ие болды.
«Адай» биін жеке орындаған 5-сынып оқушысы Аманбай Ислам ІІ орынды жеңіп алды.
Оқушылардың халықаралық деңгейдегі осындай беделді сайыстың жеңімпазы болғандығы мектептің би мұғалімі Хансүрен Талғаттың еңбегінің нәтижесі. Талантты ұл-қыздарды өнерге баулып, талабын шыңдап жүрген мұғалімге шығармашылық табыс тілейміз.