ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық конкурс-фестивальдің кубок иегерлері
06-04-2018 09:11
Халықаралық конкурс-фестивальдің кубок иегерлері

2018 жылдың 30 наурыз бен 2 сәуір  күндері аралығында Алматы  қаласында  Ү халықаралық  «Планета искусств» атты фестиваль-сайысы өтті. Фестиваль-сайысқа Қазақстанның барлық облысынан және Ресей мен Қырғызстаннан 80  ұжым бақ сынасып, 118 би биленді.

 Павлодар қаласының № 25 жалпы ЖОМ 2 - 3-сыныбының 30 оқушысынан құралған  «Салтанат» би ұжымы да аталған сайысқа қатысты. Қатысушылар би жанрының түрлі түрінен өнер көрсетіп, 4 жүлделі орын мен фестиваль кубогын жеңіп алды (үш 1 орын және бір 2 орын).

 «Салтанат» би тобы «Қуаныш», «Шаттық» билерін орындап, І орынды жеңіп алды. Кубок иегері атанды.

«Алтынай» биін дуэт болып  орындаған Жұматаева Адема мен Исабай Әлфатима І орын және «Қара жорға» биін трио болып орындаған Аманбай Ислам, Жұматаева Адема, Исабай Әлфатиха І орынға ие болды.

«Адай» биін жеке орындаған 5-сынып оқушысы Аманбай Ислам ІІ орынды жеңіп алды.

Оқушылардың халықаралық деңгейдегі осындай беделді сайыстың жеңімпазы болғандығы мектептің би мұғалімі Хансүрен Талғаттың еңбегінің нәтижесі. Талантты ұл-қыздарды өнерге баулып, талабын шыңдап жүрген мұғалімге  шығармашылық табыс тілейміз.