ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қанатты достарды қарсы алуға дайындаламыз
06-04-2018 12:00
Қанатты достарды қарсы алуға дайындаламыз

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Қазақстан алюминиі» АҚ бірлесе қысқы уақытта құстарға күтім жасау және жыл құстарын қарсы алу бойынша нысаналы жұмысын атқарады.

2018 жылғы 5 сәуірде «Металлургтар» паркында жыл сайынғы «Қанатты достар» қалалық акциясы өткізілді. Акцияны өткізу мақсаты - оқушыларды құстарды қорғау бойынша табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру, қалаға пайдалы құстарды шақырту болды.

Акцияға қалалық жалпы орта білім беру мектептері мен Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы балалар бірлестіктерінің 200 астам оқушылары қатысты.

Экологиялық орталығының басшысы Салават Ботбайұлы Сейітқанов қарсы алу сөзінде акция облыста жарияланған экология жылы көлемінде өтіп жатқанын белгіледі.

«Қазақстан алюминиі» АҚ қоршаған ортаны қорғау департаментінің бастығы Ринат Гавдылбариұлы Сарлыбаев оқушыларға экологиялық мәселелердің  шешілуіне қосқан тәжірибелік үлесі және белсенді қатысулары үшін алғысын білдіріп, акция қатысушыларына грамоталар мен жүлделерді табыс етті.

Оқушылар «Қазақстан алюминиі» АҚ өкілдерімен бірлесе парктың аумағында қанатты достарға арналған 20 астам қараторғай үйшіктерін ілді.

«Жас өлкетанушы» балалар бірлестігінің оқушысы Дария Шаймұратова: «Көктемнің келуімен жыл құстардың көпшілігі ұзақ жол кешіп, туған мекеніне ұшып келеді, осыған байланысты біздің міндетіміз - ұя салатын құстарға тәжірибелік көмек көрсету», - деп айтты.

«Туған табиғат» және «Қырандар» балалар бірлестіктерінің жас экологтары Вероника Ахметова мен Данель Мингазутдинова: «Біздің қаламыздың көкжелекті болып, ондағы құстардың сайрауы біздің қолымызда» - деп санайды.