![Барнаулда өткен дзюдо біріншілігі](/media/img/blogs/5acc92e7c81b5.jpg)
№ 37 жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы Кабен Диас 2018 жылғы 25 наурызда С. А. Ильяшенконы еске алуға арналған дзюдо бойынша турнирге қатысты. Турнир 2001 - 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ресейдің Барнаул қаласында өтті.
Турнир нәтижесі бойынша Диас I орынды иеленіп және 66 кг салмақ дәрежесіндегілер арасында мықты атанды. Ол «Батыр» жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі, спорт шеберіне үміткер, облыстық (2016 - 2018 жылдары), республикалық (2016 - 2018 жылдары), халықаралық (2017 - 2018 жылдары) сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады. Диастың жаттықтырушысы Мусабекова Айгуль Торебаевна.
Диас дзюдомен 6 сыныптан бастап шұғылданады, одан басқа самбо және жүзумен айналысады. Көптеген мектепішілік және қалалық мерекелік шаралардың белсенді қатысушы болып табылады.