ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Барнаулда өткен дзюдо біріншілігі
10-04-2018 16:33
Барнаулда өткен дзюдо біріншілігі

№ 37 жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы Кабен Диас 2018 жылғы 25 наурызда С. А. Ильяшенконы еске алуға арналған дзюдо бойынша турнирге қатысты. Турнир 2001 - 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ресейдің Барнаул қаласында өтті.

Турнир нәтижесі бойынша Диас I орынды иеленіп және 66 кг салмақ дәрежесіндегілер арасында мықты атанды. Ол «Батыр» жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі, спорт шеберіне үміткер, облыстық (2016 - 2018 жылдары), республикалық (2016 - 2018 жылдары), халықаралық  (2017 - 2018 жылдары) сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады. Диастың жаттықтырушысы Мусабекова Айгуль Торебаевна.

Диас дзюдомен 6 сыныптан бастап шұғылданады, одан басқа самбо және жүзумен айналысады.  Көптеген мектепішілік және қалалық мерекелік шаралардың белсенді қатысушы болып табылады.