Павлодар қаласының жалпы білім беру бөлімінің секторы және әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 12 сәуірде № 7 мектептің базасында оқу жылыныңаяқталуын ұйымдастыру мен қорытынды аттастациялау және ҰБТ-ге жауапты мектеп директорларының орынбасарларына семинар-кеңес өткізілді.
Мектеп директорларының орынбасарлары оқу жылының аяқталуы бойынша облыстың білім беру Басқармасымен Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің бұйрығымен, мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға даярлау және ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының әдістемелік ұсыныстарымен таныстырылды.
Сонымен қатар, мектеп директорларының орынбасарларына 2018 жылы ҰБТ-ді өткізу тәртібіне енгізілген өзгерістері туралы, мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарына ҰБТ туралы жаднама мәліметтері жеткізілді.
Семинар барысында қорытынды аттестациялаудың құжаттама жұмыстарын қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылды: педагогикалық кеңестер хаттамалары және емтихандар жүргізу ережесі, қатаң есептегі құжаттарды толтыру, қорытынды бағаларды қою.