27 сәуір күнi2018 жылы № 14 ЖОМ (Катаев көшесі, 36) «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» бастауыш сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» өткізіледі.
Мақсаты - қазақ әдебиетінің бас ақыны Абай Құнанбаев шығармашылығын насихаттау, қазақ әдебиетін оқуға деген сүйіспеншіліке, қазақ классиктерін білуге тәрбиелеу.
Абай оқулары 3 аталым бойынша өткiзiледi:
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - мәнерлеп жатқа оқу. Бұл номинацияда оқушы өлеңдерiнiң саны мен көлемiне, сапасына, яғни мәнерлеп оқуына көп назар аударылады.
«Құлақтар кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» - Абай әндерін орындаушылар сайысы.
«Жүйріктер жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар сайысы, яғни оқушы өз өлеңiн, күйiн қазылар алқасының назарына ұсынады.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Сайыстың жеңімпаздары менжүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталынады.
Тел. 322343
Павлодар қаласы білім беру бөлімі